Бүгін қазақ журналистикасының корифейі Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол Қазақ телевизиясында 45 жыл еңбек еткен.
Көрермен есінде «Бай-қуатты болайық» деген тілегімен қалған Нұртілеу Иманғалиұлының «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары болды.
Журналистиканың майталманы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік Қоғамының Басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарып, өзінің ізбасар шәкірттерін тәрбиеледі.
Arasha.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024