13-03-21 |
1340 рет қаралған
Тоқаев жер тағдырына қатысты заң жобасын Мәжіліске жолдады.
Тоқаев жер тағдырына қатысты заң жобасын Мәжіліске жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі жеке аккаунтында жариялады, деп хабарлайды «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты.

Жазбада Тоқаев өзінің Президент ретіндегі заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланғанын алға тартады.

«Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін де Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында жерді сатуға тыйым салуды көтерген болатын.

Дәлірек айтқанда, ол шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.