17-03-21 |
1490 рет қаралған
«Спутник V» вакцинасы адамдарға қалай әсер етті?.
«Спутник V» вакцинасы адамдарға қалай әсер етті?

«Спутник V» препаратын әзірлеушілер екпенің адамдарға қалай әсер еткені туралы ақпарат берді, деп хабарлайды  Arasha.kz.

Гамалей орталығының басшысы Александр Гинцбург мәліметінше, «Спутник V» вакцинасын салдырғандардың  ішінде өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Гамалей орталығының басшысы онлайн-брифингте вакцинаның екінші дозасынан кейін адамда жоғары иммундық реакция, сонымен қатар патогенмен (COVID-19) кездескен кезде қысқа мерзімде қорғаныс антиденелерінің қажетті мөлшерін жасайтын «жад жасушаларының» көп мөлшері пайда болатынын айтты.

«Өлім жағдайлары былай тұрсын, осы ауруға шалдығып, «Спутник V» вакцинасын салдырған адамдарда  ауыр жағдайлар анықталған жоқ. Олардың барлығы қорғалған. «Спутник V» – РФПИ қолдауымен Гамалей Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған препарат. Вакцина адамның аденовирустық векторларының жақсы зерттелген платформасында жасалған. Бұл коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы тіркелген препарат», – деді Александр Гинцбург.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап ерікті түрде «Спутник V» препаратымен еспе салына бастады.  

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация үш кезеңде жүргізіледі:

1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде: жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, реанимация бөлімшелерінің, жедел жәрдем бөлімшелерінің, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинация алады. Барлығы 100 мыңға жуық адам.

1 наурызда басталатын екінші кезеңде вакцина алады: жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары, медициналық қызмет қызметкерлері. Барлығы 150 мыңға жуық адам.

1 сәуірде басталатын үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар вакцинациялана алады. Барлығы 600 мыңға жуық адам.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.