18-03-21 |
1370 рет қаралған
Отандық «QazQovid-In» вакцинасы дайын.
Отандық «QazQovid-In» вакцинасы дайын

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков «QazQovid-In» вакцинасының алғашқы өнеркәсіптік партиясы сәуір ауының соңында шығатынын хабарлады.

«QazQovid-In» вакцинаны әзірлеумен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айналысады. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрылымына кіреді. Олардың мәліметтеріне сәйкес, бүгінде барлығы да жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Клиникалық сынақтың бірінші және екінші сатысы аяқталғанын білеміз.

Бірінші сатысы 2020 жылдың наурызында, екіншісі сәуірде аяқталды. Сондықтан бәрі рет-ретімен келе жатыр. Сәуір айының соңында вакцина дайын болады деп күтіп отырмыз.

Бірінші көлемі – 50 мың дозаға дейін. Сәуірдің соңында алғашқы өнеркәсіптік партиясының шығарылатындығы күтіледі», – деді Асылбеков ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.