29-03-21 |
1600 рет қаралған
СІМ Қытайдағы қандастарға көмектесе алмайтынын айтты.
СІМ Қытайдағы қандастарға көмектесе алмайтынын айтты

ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Қазақстан не себепті Қытайдағы қандастардың жағдайын араласа алмайтынын жеткізді.

Вице-министр екі ел арасындағы саяси және экономикалық ықпалдастықтың маңыздылығын тілге тиек ете отырып, Қазақстан билігі этникалық қазақтардың мәселесіне келгенде қауқарсыз екенін ашып айтты. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының мақаласы «Егемен Қазақстан» басылымының сайтында жарияланды. 

Қазақстан мен Қытай қа­тынас­тарының соңғы жылдары қарқынды дамуына қызғанышпен қарайтын «үшінші күштердің» де белсенді жұмыс істеп жатқанын естен шығармау керек, дейді вице-министр. Оның айтуынша, соңғы жылдары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы ахуалға қатысты түрлі ақпараттың таралуына байланысты Қытайда тұра­тын қандастардың жағдайы өзекті мәселеге айналған. 

«Ресми деректерге сүйенетін болсақ, ҚХР аумағында 1,6 млн қазақ тұрады. Олардың барлығы – Қытай Халық Рес­публикасының азаматтары. Арасында түрлі заң бұзушылық үшін сот шешімімен түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айы­рылған кісілер де бар.

Біріккен Ұлт­тар Ұйымының жарғысы бойынша ешбір мемлекеттің басқа мемлекеттің ішкі істеріне қол сұғуға құқығы жоқ. Сон­­дықтан да біз ҚХР азаматтары – қан­дас­­тары­­мызға қатысты олардың Қазақ­стан аза­мат­тары болып табылатын туы­стары­­нан өтініш түскен кезде Қытай тара­­­пы­на бөлініп қалған отбасылардың бірігуі­не қолғабыс көрсету туралы сауал жібереміз», – деді ол.

Бұған қоса, министр орынбасары шетелдегі қандастарға көмектесуді талап еткенде кейбір азаматтар Қазақ­станда тұрып жатқан жүзден аса басқа ұлт өкілдерінің бар екенін естен шығарып алатынын айтады. 
«Қазақстанда тұратын ұлттардың өз тарихи отаны бар. Ертең басқа ұлт өкілі болып табылатын Қазақстан азаматына қатысты басқа мемлекет тарапынан оның құқықтарын қорғау жөнінде талап түсіп отырса, біздің реакциямыз қандай болмақ? Әрине, біз оның Қазақстан азаматы болғандықтан, шет мемлекеттен біздің мемлекеттің ішкі істеріне аралас­пауын талап етеміз», – дейді Шахрат Нұрышев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.