24-04-21 |
1120 рет қаралған
Үкімет қазақ жерін сатуды жақтай ма?.
Үкімет қазақ жерін сатуды жақтай ма?

24 сәуір жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды. Бұл жолғы талқылаудың нәтижесі – жерді сату мен жекенменшікке беруге 5 жыл мораторий жарияланатын болып, комиссия мүшелері осындай тоқтамға келген.

Бірақ комиссия отырысында үкімет мүшелері – ауылшаруашылығы министрі, ведомство өкілдері жерді сатуды жақтай сөйлеген белгілі болды. Бұл туралы жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі, жазушы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат жазды.

«Жер комиссиясының бүгінгі отырысында жерді сату, жерді жекеменшікке беру деген мәселеге комиссия мүшелері дерлік қарсы шықты. Жерді сату мен жерді жекменшікке беруді жақтағандар да болды. Мысалы Алмасбек Садырбаев «жерді жекеменшікке беру» керек десе, Рахим Ошакбаев сияқтылар «сату керек» деп шықты. Ауылшаруашылығының министрінен бастап ведмоство өкілдері де жерді сатуды жақтап сөйледі. Өздерінше дәлелдер келтірген болды. Бұл негізі Үкіметтің жерге қатысты позициясын білдірсе керек. Алайда, комиссия мүшелері жер сатқыштарға қарсы тойтарыс беріп отырдық. Әсіресе, Дос Көшім ағамыз жақсы сөйледі. Сонымен жерді сату мен жекеменшікке беруге Жер комиссиясы тарапынан 5 жылға мораторий жарияланды» деп жазды ол.

Комиссиясының тағы бір мүшесі Мұхтар Тайжан: «Алдағы 5 жылда жер ешкімге жекеге сатылмайды. Шетелдіктерге жалға да берілмейді. Мораторий тағы 5 жылға ұзартылды. Бұл түбігейлі шешім болмаса да, бүгінгі таңда ол да жаман есем нәтиже деп білем. Осы 5 жылда Жер мәселесін назардан тыс қалдырмаймыз», – деді.

Ал премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Ауыл шаруашылығы жерлерінің электронды форматта көпшілікке ашық түрде беру тетігін енгізу қажет. Оны өткен сенбіде бірге талқыладық. Аз дегенде 2023 жылға дейін уақыт керек. Оны да қарастыру керек.

Сондықтан барша азамат жер иелікке немесе пайдалануға берудің әділетті және ашық өтетіндігіне көз жеткізу қажет. Өткен аптада осы жерде керемет, тарихи шешім қабылданды деп ойлаймын. Жерді жалға 49 жылға беруге байланысты шешім қабылданды. Оның өзі жердің қазіргі экономикалық айналымға енуіне толықтай мүмкіндік туғызып жатыр. Меншікке байланысты «болады не болмайды» деп шешім қабылдамай, оны болашаққа қалдыру керек деп ойлаймын» деді отырыста.

Сонымен, жер реформасы жөніндегі комиссия жер қатынастары мәселесін түпкілікті шеше алмады. жерді сату мен жекенменшікке беруге 5 жыл мораториді ұзарту жөніндегі тоқтамға келді. Бұл дегеніңіз, жер мәселесі билік пен қоғам алдынан әлі талай мәрте шығып, талай дау-дамайдың ошағы бола береді деген сөз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.