27-04-21 |
1290 рет қаралған
«Қалай тыныш ұйықтауға болады?»: Шешімін таппаған дүнген мәселесіне ел алаң.
«Қалай тыныш ұйықтауға болады?»: Шешімін таппаған дүнген мәселесіне ел алаң

Белгілі журналист Ертай Нүсіпжанов бүгін сот үкімі шыққан Қордайдағы қанды оқиға туралы ойын жазды. Ұлт тағдырына алаңдаған жазбада билікпен әлі күнге шешімін таппаған мәселелер айтылды.

«Бүгін Қордайдағы қанды оқиғаға қатысы барларға заң жазасы кесіліп, қылмыстық істің нүктесі қойылғанымен, мемлекет тұтастығына, ұлт тағдырына қауіп тудырған дүнген мәселесі қоғамда өз шешімін тапқан жоқ. Жоғы түгенделіп, жыртығы жамалған дүнгендер бұрынғысынша бейқам жүр.

Қазақстан олар үшін тек қана байлықтың көзі, тіршіліктің жайлы мекені ғана. Ешбір дүнген қазақты – бауырым, Қазақстанды – Отаным демейді. Тілі – орысқа, бүйрегі – Қытайға бұрып тұрған халықтан бізге қауіптен басқа қайыр жоқ. Олардың арқа сүйері Қазақстан емес – Қытай. Өйткені дүнген ұлтына қамқоршы екендерін Қытай ашық айтып келеді»,- деп жазды ол.

Журналист жазбасы Facebook- тегі жеке парақшасына шықты.

«Дүнген ұлтының тарихта қытайдың қас жауы болғаны ол жақта қазір айтылмайды, жазылмайды. Себебі біздегі сан мыңдаған дүнген – Қытайдың Қазақстандағы көзі, құлағы, һәм тілі. Саяси тұрғыда олар әбден қолайлы. Қытай, сол себепті дүнгеннің білім қуған жастарына деп жыл сайын мыңдаған білім гранттарын бөліп, оларды тегін оқытады, стипендия тағайындайды. Ал шаруа мен сауда қуғандарына жағдай жасайды. Қытайдан келетін жүктер мен тауарларды тасымалдаушы Cargo-ның негізгі тетіктері дүнгендердің қолында. Бұдан кейін қазақ тіліне, қазақ мәселесіне дүнгендер қайтіп бас қатырсын? Айтудың өзі күлкілі.

Хусеи Дауров дейтін басшыларының аңсары да Қытайға ауып тұр. Оның әлеуметтік желідегі жазбаларының бәрі Си Цзиньпин саясаты»,- дейді ол.

Журналист жазбасында шағын аудандағы екі ұлт арасындағы түсініспеушіліктің әлі күнге шешілмегеніне өкініш білдірген.

«Осындай опасыздықтардан кейін қалай тыныш ұйықтауға болады? Енді не істемек керек? Қашанғы еренсіз боламыз? Батпандай іске бас қатыратын биліктен біреу бас көтерер ме екен?!

Дүнген дұрыс жүрсе талай қазақ отбасы қара жамылып, қазақ жастары түрмеге түспес еді… Бастарына нәубет түскен заманда құшағын кең ашқан қазақтың жақсылығын ұмытты бұлар. Дүнгеннің алдыңғы буыны кейінгілерге қазақты айтып насихат қылмады. Енді көздерінен жас емес қан ақса да оларға еш аяушылық жоқ. Бізді менсінбейтін жағдайға жетті. Бәріне өзіміз кінәліміз»,- деп жазды ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.