01-05-21 |
1230 рет қаралған
Петропавлда оқушыларды флешмобта тоңдырғандар ескертумен құтылды.
Петропавлда оқушыларды флешмобта тоңдырғандар ескертумен  құтылды

Петропавлда оқушыларды суық күні жұқа киіммен флешмобқа қатыстырған ұстаздар ескерту алды. Мектепте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  арналған ауқымды шараға қатысқан оқушыларға суық тиді.

Оқиға Петропавлдағы №25 мектептің оқушылары арасында болған. Жасқспірімдер 1 мамырға арналған флешмобқа қатысқан соң жаппай ауырып қалды. Білім басқармасының өкілдері балалардың 5 минуттық видеоға түсу үшін сырт киідерін шешті деп ақталды.

«»Оқушылар 5 минуттық видео түсіру үшін сыртқы киімдерін шешкен. Флешмобқа қатысқандар ыстық тамақ берілді. Бірақ бұған қарамастан ұйымдастырушылар оқушылардың денсаулығына алаңғасарлық танытқаны үшін білім басқармасы оларға тәртіптік ескерту жасады», – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы.

Жеңіл киім киген оқушылар Қазақстан халықтарының бірлігі күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үш минуттық бейнеролик түсірген.

Флешмоб өткен 28 сәуір күні Петропавлда ауа-райы салқын болғанына қарамастан оқушылар жеңіл киім киіп шыққаны белгілі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.