18-09-23 |
1220 рет қаралған
Қамқорлығындағы жетімді мемлекетке өткізіп, үйін жалға берген.
Қамқорлығындағы жетімді мемлекетке өткізіп, үйін жалға берген

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз қамқорлығына алған жетім баланы балалар үйіне өткізіп, оның атындағы пәтерді жалға беріп келген.

СҚО прокурорлары талдау жүргізу кезінде қамқоршы құқығын асыра пайдаланып, кәмелетке толмаған баланың құқығын өрескел бұзғандығын анықтады.
С. есімді азамат қамқоршылық органының рұқсатынсыз ұзақ уақыт бойы жетім баланың пәтерін заңсыз жалға беріп келген.

Ол өзінің заңсыз әрекетін баланы балалар үйіне қайтарғаннан кейін де, тіпті балаға қамқор болу еркі алынғаннан кейін де жалғастыра берген.

Анықталған заң бұзушылық бойынша қадағалау органы кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартып, тиісті шара қолданып, заңбұзушылықты жою жөнінде ұсыныс енгізді.

Осы мәселеге қатысты Петропавл қаласының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабы «Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта балаға келтірілген шығынды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Arasha.kz

ФОТО: gov.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.