30-04-24 |
12490 рет қаралған
Бағдат Мусин қызметінен кетті.
Бағдат Мусин қызметінен кетті

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Бағдат Мусин бұл лауазымға 2020 жылдың 2 қыркүйегінде кіріскен болатын. Ол 1983 жылы Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «Компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.⠀

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.