Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағанды облысында мал жаппай қырылды

/
Қарағанды облысында мал жаппай қырылды

Қарағанды облысында ұсақ малдың жаппай қырылуы тіркелді. Алдын ала ветеринарлардың қорытындысына сәйкес, жануарлар уланған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм арнасы хабарлады.

Долинка ауылы маңындағы далада ондаған өлі қой мен ешкіні жергілікті тұрғындар тауып алған. Мал әрдайым жайылатын жайылымнан кейін қырылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше мал иесінің 100-ден аса бас ұсақ малы өлген. Жергілікті ветеринариялық қызмет өкілдерінің айтуынша, улану көзі жайылымдағы су болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта зертханалық сараптамалар кешені жүргізілуде. Қырылу себебі нақты зерттеу нәтижелерінен кейін белгілі болады. Эпизоотиялық жағдай тұрақты, ерекше қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Мамандар улану көзін анықтау және мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарын жалғастырады», – делінген ресми хабарламада.