Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 5-9 жастағы шамамен әр төртінші бала артық салмақтан зардап шегеді. Ал 2025 жылы балалар мен жасөспірімдер арасында екінші типті диабеттің мыңнан астам жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сондықтан қант, тұз бен зиянды майы көп тағамдарды колледждерде, үйірмелерде және балалар орталықтарында сатуға шектеу қою ұсынылып отыр.
Оның сөзінше, мұндай өнімдердің құрамын баға қағазында анық көрсетіп, қаптамасына ескерту жазу мәселесін ЕАЭО деңгейінде көтеру жоспарланған.
Энергетикалық сусындарды касса маңынан алып тастау, жеткізу кезінде сатып алушының жасын тексеру және балаларға арналған жарнамасын шектеу де ұсынылды.
Ол сондай-ақ фастфудқа толық тыйым салынбайтынын айтты.