Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда «Жасыл аула – 2026» акциясы аясында екі күнде мыңға жуық ағаш көшеті таратылды

Алматыда «Жасыл аула – 2026» акциясы аясында екі күнде мыңға жуық ағаш көшеті таратылды

Алматыда жыл сайын ұйымдастырылатын «Жасыл аула – 2026» акциясы аяқталды. Екі күн ішінде қала тұрғындары үй маңындағы аумақтарды көгалдандыру үшін мыңға жуық ағаш көшетін алды. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан акция жыл сайын ауласын көгалдандырып, жайлы әрі жасыл орта қалыптастыруға ниетті тұрғындардың басын қосады.

Бастаманың басты ерекшелігі – қала тұрғындарының тікелей қатысуы. Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары ағаш егетін орынды таңдап, көшет отырғызып, үш жыл бойы күтіп-баптауға міндеттенеді.

Айта кетейік, акция шартына сәйкес әр қатысушы үй маңындағы аумақты көгалдандыру үшін 10 көшетке дейін ала алды. Бұл ретте егілген ағаштарды үш жыл бойы тиісті деңгейде күтіп-баптау, оның ішінде тұрақты суару және жасыл желектің сақталуын қамтамасыз ету міндетті шарт болды.

Осылайша, акция қаладағы жасыл желектер санын арттырумен қатар, алматылықтарды тұрғындардың ауласына деген жауапкершілігін күшейтеді. Өйткені тұрғындардың тікелей атсалысуы жаңа ағаш егуге ғана емес, олардың ұзақ жыл бойы өсіп-жетілуіне және сақталуына да мүмкіндік береді.