Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Мал қора мен әжетхана тазалатқан: Жамбылда 14 жастағы оқушы соққыға жығылды

Мал қора мен әжетхана тазалатқан: Жамбылда 14 жастағы оқушы соққыға жығылды
Фото: әлеуметтік желі

Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы соққыға жығылып, ауруханаға түсті. Jas Alash-тың хабарлауынша, жасөспірім ес-түссіз жатыр. Туыстары тергеудің қалай жүріп жатқанына алаңдаулы, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 31 қазанда болған. Баланың анасының айтуынша, сол күні кешкі сағат сегіз шамасында оған бейтаныс нөмірден бірнеше рет қоңырау түскен. Алғаш хабарласқан адам баласының қайтыс болғанын айтқан. Артынша басқа біреу жасөспірімнің есінен танып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Мұны естіген анасы есінен танып қалғанын, ал отбасы мүшелері дереу ауруханаға барғанын айтты.

Оқушының әпкесінің сөзінше, ауылда жоғары сынып оқушылары кіші сыныптағы балаларға мал қора мен әжетхана тазалатып, басқа да жұмыс істетіп келген. Айтқандарын орындамағандарды өздері “сход” деп атайтын жиынға шақырып, жазалаған.

Әпкесі інісіне де осындай тапсырма берілгенін айтты. Бірақ ол сол күні қызылша жинауға кеткендіктен, тапсырманы орындай алмаған әрі күндізгі жиынға бармаған. Кешкі сағат сегіз шамасында жоғары сынып оқушылары оны жиынға қайта шақырған.

Жамбыл облысының білім басқармасы оқиғаға байланысты жұмыс тобы құрылып, тексеру жүргізілгенін хабарлады. Полиция қылмыстық іс қозғады. Оқушының жағдайы мен тергеу барысы туралы қосымша мәлімет әзірге жарияланбаған.