Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Су аттракционында екі қайық соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Су аттракционында екі қайық соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Фото: freepik

Ойын-сауық саябағында алты адам мінген қайық аялдайтын жерге жақындағанда, жолда тұрып қалған бос қайыққа соғылған. Соққыдан қайық аударылып, ішіндегі төрт ересек адам қаза тапқан. Екі бала аман қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аттракциондағы су сорғысы істен шығып, арнадағы су деңгейі күрт төмендеген. Сол кезде алдыңғы бос қайық жолаушылар түсетін тұстағы темір тірекке кептеліп қалған. 

Адамдар мінген қайық бос қайыққа соғылғанда, бір шеті көтеріліп, оны қозғалмалы таспа механизмі тартып әкеткен. Сот қорытындысында төрт адамның ауыр жарақаттан көз жұмғаны көрсетілген. Тергеу барысында аттракционның сол күні апатқа дейін екі рет істен шыққаны да белгілі болды. 

Апат Австралияның Голд-Кост қаласындағы Dreamworld ойын-сауық саябағында болған.