Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Үш перзентінен айырылған маңғыстаулық отбасы қызды болды

Үш перзентінен айырылған маңғыстаулық отбасы қызды болды
Фото: freepik

Маңғыстау облысында үш перзентінен айырылған отбасы қызды болды. 51 жастағы Күмісай Пәлекиева 17 қарашада дүниеге келген сәбиіне Ария есімін қойған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Күмісай мен жолдасы көптен күткен сәбилі болу үшін ЭКО жасатуға шешім қабылдаған. Қыздың есімін әкесі таңдаған. Нәрестенің туғандағы салмағы 3 келі 400 грамм, бойы 52 сантиметр болған. Күмісай кесарь тілігі арқылы босанған. Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.

Биыл қыркүйекте ерлі-зайыпты 13 жастағы ұл баланы асырап алған еді.

Былтыр Мұнайлы ауданына қарасты “Қаламқас” тұрғын алабында отбасының үш перзенті иіс тиіп, көз жұмған. Үлкен қызы 1995 жылы, ұлы 2009 жылы, ал кіші қызы 2012 жылы туған.