Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тоқаев цифрлық платформалар арқылы табыс табуға жағдай жасауды тапсырды

Тоқаев цифрлық платформалар арқылы табыс табуға жағдай жасауды тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды. Құжат азаматтардың цифрлық платформаларда жұмыс істеп, табыс табу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Үкіметке 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін цифрлық жұмыспен қамтуды дамыту және жасанды интеллектіні іс жүзінде қолдану жөніндегі арнайы жоспарды бекіту тапсырылды. Оның аясында бизнес пен ұйымдар цифрлық платформаларға азаматтар орындай алатын қысқа мерзімді, ақылы тапсырыстарды тұрақты орналастырып отырады.

Сондай-ақ 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін интернет-платформалар арқылы табыс табатын азаматтарға арналған жеңілдетілген құқықтық режим әзірленеді. Ол салықтық және еңбек қатынастарын реттеуді қамтиды.

Алғашқы пилоттық жобалар 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жекелеген өңірлерде іске қосылады. Нәтижелі тәжірибелерді сол жылдың қыркүйегіне қарай бүкіл елге тарату жоспарланған.