Logo
Іздеу
Айдарлар

Іле Алатауында көлдердің су деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр

/
Іле Алатауында көлдердің су деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қазақстан Республикасының таулы аудандарында сел қауіпті кезең өтуде. Температуралық фонның жоғарылауына және таулы аймақта нөсерлі жаңбырдың түсуіне байланысты мұздықтар қарқынды еріп, мұздақ көлдерге  құйылып жатқаны байқалады. Бұл туралы Тқтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта 78 тұрақты және 39 маусымдық (жазғы) бақылау бекетінің, оның ішінде мұздақ көлдердің жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде. Бақылау бекеттері тәулік бойы жұмыс істейді, жағдайдың кез келген өзгерістеріне үздіксіз мониторинг пен жедел ден қою қамтамасыз етіледі.

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері сел қаупін болдырмау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биік таулы аудандарда алдын алу іс-шараларын жүргізуде. 

 «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағын тарта отырып, авиациялық жұмыстар жүргізілді: мұздақ көлдерде маусымдық гидробекеттер ашылды, бақылаушылар, барлау және жұмыс бригадалары, сондай-ақ қажетті жабдықтар жеткізілді.  Ықтимал қауіпті көлдерде су деңгейін қауіпсіз белгілерге дейін төмендету жұмыстары басталды. Сонымен қатар мамандар көлдердің су астындағы рельефін егжей-тегжейлі зерттеуге және олардың қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін батиметриялық түсірілімдер жүргізді», - деп хабарлады ТЖМ.

«Қазселденқорғау» ММ балансында бар сел және көшкін қаупі бар учаскелер мен селден қорғау ГТҚ-ына үнемі тексеру жүргізіледі. Сел жағдайын және мұздық биік таулы көлдердің жай-күйін фондық бағалауды анықтау үшін аэровизуалды зерттеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Қазселденқорғау» ММ қызмет көрсететін аумақтарда тұрақты сел жағдайы сақталуда.

Сел қаупі бар кезеңде халықты ықтимал қауіптер туралы ақпараттандыру мақсатында таулы жерлерде тұрғындар, туристер мен демалушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты ТЖМ таулы жерлерде демалу мен туристік жорықтарды ұйымдастыру кезінде барлық сақтық шараларын сақтауға шақырады. Ағымдағы және болжамды гидрометеорологиялық жағдайды нақтылау, сақтық шараларын сақтау және сел қаупі бар кезеңде және сел ағынынан өту кезінде таулардағы жүріс-тұрыс ережелерін білу міндетті.