Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Цифрлық жұмыспен қамту: Адамның құқықтық мәртебесі қатынастардың нақты сипатына қарай айқындалуға тиіс

Цифрлық жұмыспен қамту: Адамның құқықтық мәртебесі қатынастардың нақты сипатына қарай айқындалуға тиіс
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда цифрлық платформалар арқылы табыс табатын азаматтардың құқықтық мәртебесін айқындап, олардың аккаунттарын негізсіз бұғаттаудан қорғау ұсынылды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігіне қарасты Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми қызметкері Арман Батраханов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Маманның жазуынша, цифрлық жұмыспен қамтудың дамуы кешенді құқықтық тәсілді қажет етеді. Себебі бүгінде цифрлық платформалар азаматтар қызмет көрсететін, тапсырыс орындайтын, тауар сататын және табыс табатын дербес экономикалық ортаға айналған.

Алайда бұл салада әлі де бірқатар құқықтық мәселе бар. Атап айтқанда, тапсырыс орындалмаған жағдайда кім жауап беретіні, платформаның ынтымақтастық талаптарын біржақты өзгертуі, орындаушының аккаунтын бұғаттауы және сыйақы төлеу тәртібі секілді мәселелерді реттеу қажет.

Батраханов еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық қатынастардың аражігін ажырату маңызды екенін де атап өтті.

"Ынтымақтастықтың цифрлық платформа арқылы жүзеге асырылуы немесе қызмет көрсету шартының жасалуы қатынастардың автоматты түрде азаматтық-құқықтық сипатқа ие болатынын білдірмейді. Оларды құқықтық тұрғыдан саралау кезінде орындаушының дербестік деңгейі, бағыныстылығы, жұмыс барысына бақылау жасалу сипаты және өзге де заңдық маңызы бар мән-жайлар ескерілуге тиіс", – деді ғылыми қызметкер.

Оның пікірінше, жаңа Азаматтық кодексте мынадай мәселелерге ерекше назар аудару қажет:

  • шарт талаптарының ашықтығын қамтамасыз ету;
  • сыйақыны есептеу және төлеу тәртібін реттеу;
  • платформа қатысушылары арасындағы жауапкершілікті бөлу;
  • орындаушыларды цифрлық сервистерге қол жеткізу құқығын негізсіз шектеуден қорғау.

Сонымен қатар маман кәсіпкерліктің жаңа нысандары мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға артық кедергі жасалмауы керектігін жеткізді.

Бөлісу