Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Әскери ұшақ құлап, бес адам қаза тапты

Әскери ұшақ құлап, бес адам қаза тапты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Түркияның Эскишехир провинциясында оқу-жаттығу кезінде әскери тікұшақ құлады. Борттағы бес әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Апат 24 қараша күні кешке болған. Түркияның Әскери-әуе күштеріне тиесілі AS-532 Cougar тікұшағы Эскишехирден әуеге көтерілгеннен кейін құлаған.

Оқиға орнына іздестіру-құтқару топтары мен төтенше жағдай қызметкерлері жіберілді. Кейін министрлік борттағы бес адамның да қаза тапқанын растады. Тікұшақтың неден құлағаны әзірге белгісіз.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, қарулы күштерге және түрік халқына көңіл айтты.

Бұл – Түркияда соңғы екі аптада болған екінші әскери тікұшақ апаты. Бұған дейін, 12 қарашада, Малатья провинциясында әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза тапқан еді.