Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Балық аулауға барған үш ер адам Ертіске батып кетті

Балық аулауға барған үш ер адам Ертіске батып кетті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында Ертістің мұзы ойылып, балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты. Оқиға Зевакино ауылының маңында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Департаменттің мәліметінше, 1960, 1967 және 1984 жылдары туған үш ер адам өзен үстіне шыққанда, жұқа мұз олардың салмағын көтере алмай опырылған. Үшеуі де суға түсіп кеткен. Олардың ешқайсысында құтқару кеудешесі болмаған.

Марқұмдардың денесін сүңгуірлер судан алып шықты.

Құтқарушылар бір өзеннің өзінде мұздың қалыңдығы әр тұста әртүрлі болатынын ескертті. Ағыс қатты жерлерде мұз жұқалау келеді.