Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салу ұсынылды
Фото: pixabay

ЖСДП фракциясының депутаты Мақсұт Насибулов Премьер-министр Олжас Бектеновке энергетикалық сусындар нарығын қатаң бақылауды ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда бұл сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсіп, 2025 жылы 355 миллион литрге жеткен. 2025 жылдың маусымында Павлодарда күн сайын төрт құтыға дейін энергетик ішкен 20 жастағы жігіт жүрек жеткіліксіздігімен жансақтау бөліміне түскен.

Сол жылдың желтоқсанында Алматыда күніне 8-10 құты энергетик ішкен 34 жастағы науқасқа жүрек ауыстыру операциясы жасалған. Қазақстанда 2025 жылғы қаңтардан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынған. Депутат Үкіметтен осы талаптың сақталуын тексеруді, сусындардың құрамын зерттеуді және жарнамасын шектеуді сұрады. Сондай-ақ энергетиктерді өндіруге, елге әкелуге және сатуға толық тыйым салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Бөлісу