Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматы әуежайында шу шығарған жолаушы 15 тәулікке қамауға алынды

Алматы әуежайында шу шығарған жолаушы 15 тәулікке қамауға алынды
Фото: Gary John Norman/Getty Images

Алматы халықаралық әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған 40 жастағы ер адам ұшақтан түсіріліп, әкімшілік қамауға алынды. Ол әуе компаниясының қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, жанжал шығарған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға Алматы – Орал бағытындағы рейске ұшу алдындағы тексеру кезінде болған. Полицияның мәліметінше, Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны әуежайда өзін агрессивті ұстап, әуе компаниясы қызметкерлерімен жанжалдасқан.

Әуе тасымалдаушы өкілдері жасаған акт негізінде көлік полициясы жолаушыны рейстен түсіріп, полиция бөлмесіне жеткізген. Тексеру барысында азаматтың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сондай-ақ оның қоғамдық тәртіпті бұзып, қызметкерлерге балағат сөздер айтқаны белгілі болды.

Ер адам қоғамдық орынға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері көлік полициясы қызметкерлері 86 181 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе масаң күйде жүрудің 6 810 дерегі, ал ұсақ бұзақылықтың 719 жағдайы тіркелген.

Бөлісу