06-05-21 |
1960 рет қаралған
Алматыда вакцинация туралы жалған төлқұжат жасағандар ұсталып жатыр.
Алматыда вакцинация туралы жалған төлқұжат жасағандар ұсталып жатыр

Алматыда электрондық вакцинация паспортын қолдан жасағандардың басы дауға қалды. Елімізде іс жүзінде коронавирустық вакцинаны алмай, денсаулық төлқұжатын алып алғандар бар болып шықты.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мұндай оқиғалардың бар екенін растады.

«Мен жеке өзім Алматы қаласының әкімдігіне хабарластым және бақылауға алдық. Біз қауіпсіздік күштерімен жұмыс жасадық, ұстау шараларын өткіздік. Қазір барлық әлеуметтік желілерге бақылау жүргізіліп жатыр», – деді Алексей Цой.

Ол денсаулық сақтау министрлігі барлық медицина қызметкерлеріне ескерту жасағанын нақтылады.

«Бұл қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады және кез келген азамат, дәрігер бұл жерде заңның өзгермейтіндігін түсінуі керек, бәрі жазаланады, біз оны табамыз. Егер мұндай жағдай орын алса, бұл үшін қылмыстық жаза қолданылады. Біз бақылау жасаймыз және бақылап отырамыз», – деп сендірді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.