14-05-21 |
4470 рет қаралған
БҚО-да найзағайдан 372 ақбөкен қырылып қалды.
БҚО-да найзағайдан 372 ақбөкен қырылып қалды

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданынан 372 ақбөкеннің өлексесі табылды. Мамандар жаппай қырылған дала жануарының өлімін қатты нөсер мен найзағайдан деген болжам жасады.

«Біздің инспекторлар оқиға болған жерді қарап, өлген 372 ақбөкенді тапты. Киіктер қатарда жатты, найзағайдың іздері табылды. Қазір ветеринарлар сараптамаға жіберілетін қосымша сынамалар алып жатыр», – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бастығы Қайрат Кадешов.

Инспекция өткен жылы да табиғи құбылыс әсерінен 62 ақбөкен қырылғанын хабарлады.

«Уәкілетті органдардың қатысуымен жедел штаб құрылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ақбөкендердің қырылуының бір себебі сол жердегі сияқты ауа райының қолайсыздығымен (нөсерлі жаңбыр мен найзағаймен) байланысты болуы мүмкін. Сараптамадан соң жануарлардың өлімінің нақты себебі туралы қосымша хабарланады «, – деп хабарлады инспекция.

Оқиға орнына Экология департаментінің, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының, Ветеринариялық медицина департаментінің, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.