22-04-22 |
1030 рет қаралған
Тоқаевтың сынынан соң БҚО әкімі Есқалиев қызметінен кете ме?.
Тоқаевтың сынынан соң БҚО әкімі Есқалиев қызметінен кете ме?

Кеше президент Қ.Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы жол мәселесіне қатысты «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан мақаладан соң, жауапты адамдар жазалануы керектігін айтқан еді.

Аталған мәселені үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа тапсырған болатын. Бүгін үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысына барғаны жайлы хабар тарады. Премьер-министрдің баруымен облыстың қазіргі әкімі Ғали Есқалиев қызметінен босатылуы мүмкін.

Кеше президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай: » Президент бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін жаңғырту маңызды міндеттің бірі екенін және автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін 2019 жылы айтқан болатын. Мемлекет басшысы Оралда өткен кездесуде «бұл азаматтардың күнделікті өмірінде қиындық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ өңірдің экспорттық және транзиттік әлеуетін төмендетеді» деген еді», – деп жазды.

Сондай-ақ президент облыстағы Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма берген әрі бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын ерекше атап өткен. 

Алайда, 2019 жылы Батыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалған Ғали Есқалиев президент тапсырмасын орындамаған.

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 1970 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1993 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

– «Банк Туран Алем» АҚ Орал қаласындағы

филиалында  маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры,

– БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры,

– «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы,

– Жамбыл облысы әкімінің орынбасары,

– Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары,

– Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019 жылдың 13 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.