14-05-21 |
1910 рет қаралған
Тоқаевтың сынына пысқырмайтын Бармақов.
Тоқаевтың сынына пысқырмайтын Бармақов

Тоқаевтың сынына ұшырап, кейін жұмыстан қуылған Сайранбек Бармаковтың бармақтай бағы оны тағы жаңа қызметке әкелді. Ол енді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасын жаңа қызметке тағайындау 6 мамырда бекітілген. 12 мамырда орталық ұжымына Сайранбек Бармаков таныстырылды.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев жұмыстан қуып жіберген шенеуніктің қайта «тағайындалуы» түсінбеушілік болып шыққаны хабарланды.
Ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожолдар комитетінің бұрынғы төрағасы Сайранбек Бармақовты «Қазавтожол» Алматы облыстық филиалының басшысы қызметіне тағайындалып, іле-шала бұл тағайындау түсінбеушілік деп аталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевт Бармақовтың жұмысына «саладағы бақылауды әлсіреткені үшін» көңілі толмаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.