«Түркіменстанның балама жаңалықтары» тәуелсіз басылымы Дашогуз облысындағы аудандардың біріндегі азық-түлік дүкені алдындағы үлкен кезек туралы хабарлады. Басылым мақаласында жарияланған фотодан ондаған адамның кезекте тұрғанын байқауға болады. Мақалада сатып алушылар мен сатушылар арасында ұрыс-керіс жиі болатыны жазылған.
Азатлык радиосы тілшілерінің хабарлауынша, Түркіменстанда әдетте азық-түлік дүкендері мен өзге де мемлекеттік мекемелер алдындағы кезектегі тәртіпті құқық органдары қызметкерлері қадағалайды. Қазанның 3-і күні Азатлык радиосы хабарласқан тұрғындар Ашғабаттағы банктердің бірінде пластик карталарына түскен зейнетақы мен жәрдемақы ақшасын алуға жиналған жүздеген адам полиция қызметкерлерінің көзінше банкоматқа бұрын жету үшін бір-бірімен таласып-жұлысып қалғаны туралы айтты.
Бұл ақпараттарға қатысты Түркіменстанның билік орындарынан түсініктеме алу мүмкін болмады.
Түркіменстанның ресми басылымдарында елде нан және азық-түлік сатып алуға тұрғындардың кезекте тұратыны жайлы, сол сияқты, әлгіндей оқиғалар туралы еш ақпарат жоқ.
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025