21-06-21 |
1820 рет қаралған
Жастарға пара беруді үйреткен маңғыстаулық шенеунік кешірім сұрады.
Жастарға пара беруді үйреткен маңғыстаулық шенеунік кешірім сұрады

Маңғыстау облысында қол астындағы қызметкерлеріне пара беруді үйреткен шенеунік халықтан кешірім сұрады.

Бақтияр Қуанышбеков Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі болған.

Желідегі видеодан кейін танымал болған ол ел алдында кешірім сұрады.

«Желіде таралған видеоға байланысты кешірім сұрағым келеді. Басқарма басшыларынан кешірім сұрағым келеді, біздің арамызда ауыз жаласу болмаған. Сонымен қатар облыс әкімінің алдында ғафу өтінемін», – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы шенеунік жоғары тұрған басшылармен қалай қарым-қатынас жасауды түсіндіріп отырғаны түсірілген видео таралған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.