25-06-21 |
1460 рет қаралған
Алматылық жүргізушілер дизель отынын таппай сенделіп жүр.
Алматылық жүргізушілер дизель отынын таппай сенделіп жүр

Алматылық жүргізушілер дизель отынын таппай қалды. Көлік иелері сатып алатын жанар-жағармай іздеп, сенделіп жүр. Ал дизель отыны бар жанармай бекеттері бағаны  көтеріп жіберді.

Бұған дейін дизель отынының жетіспеушілігі Тараз бен Шымкентте болған еді. Жанармай құю бекеттерінде бірнеше шақырымға созылған кептелістер орын алып, баға 300 теңгеге дейін өсті. Энергетика министрлігі Алматыда 10 мың тоннаға жуық дизель отыны бар, 2 мың тоннадан тұратын тағы бір партия жақында жеткізіледі деп мәлімдеді.

Шенеуніктер жағдай жақын арада тұрақталады деп сендіреді. Алайда бұл баға бұрынғыдай болады дегенді білдірмейді. Мамандар елдегі жанармай тым арзан, сондықтан бағаның өсуі сөзсіз дейді.

“Бұндай өсу бұрын да болған және бола береді. Бұл бензин мен дизель отынының орташа әлемдік бағасы деңгейіне жеткенше жалғасады. Себебі ЕАЭО шеңберінде, әлемдік сауда ұйымдарының шеңберінде келісімдер бар. Бізде ұзақ уақыт бойы арзан бағада сатылды”, – деді мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.