Қазақстандық экономист Мақсат Халық Мамин басқарған үкімет жұмысын сынады. Ол үкімет бөлген миллиондардың қарапайым шаруа қолына жетпейтініне ашынды.
«Жеке өз басым Асқар Мамин басқаратын министрлер кабинетінің жұмысына 3 деген баға беремін. Өйткені мүлде жұмыс істелмеді деп те айта алмаймыз. Белгілі бір дәрежеде жұмыстар істелді. Нақтырақ айтсам, ұлттық қордан қырауар қаржы бөлінді. Алайда арнайы бөлінген қаржы кәсіпкер мен шаруалардың қолына жетті ме? Жалпы халықтың жағдайының жақсарып, табысының артуына ықпал етті ме? Өкінішке қарай халықтың тұрмысына толық әсер еткен жоқ. Халықтың жалақысында ешқандай өзгеріс жоқ. Бірақ азық-түлік пен жалпы тауарлардың өсуі өте жоғары болып тұр. Мұның бәрі айналып келгенде халықтың төлем қабілетін төмендетіп жатыр. Осының салдарынан халықтың кедейленуі артты. Аталған факторларға келетін болсақ, Үкімет әлі де болса өзінің жұмысын дұрыс атқара алмай отыр. Біздің елде көптеген мемлекеттік бағдарламалар болғанымен оның нәтижесі ертегі күйінде қалды. Неге ертегі болып тұр? Себебі қазір халықтың Үкіметке деген сенімі жоқ болып тұр.
Өткен жылы Денсаулық және Экономика министрлігінде көптеген олқылықтар болған.
Азық-түліктің тапшылығына жауап беретін Ауыл шаруашылық министрлігі мен қазіргі қуаңшылықты алдын ала болжауы тиіс Экология министрлігінің кемшіліктері көп. Сондай-ақ индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бағаны тікелей бақылайтын ведомоства болып саналады. Негізі елдегі қымбатшылықты алдын алу керек еді. Бірақ Үкімет тарапынан бағаны бақылауға байланысты ешқандай жұмыстар атқарылған жоқ. Ісінен сөзі көп үкіметтің бізге керегі жоқ. Яғни, Асқар Мамин басқаратын министрлер кабинеті толық құрамда отставкаға кету керек.
Кейбір адамдар «Премьер-министр ауысқаннан не пайда? Тұтас жүйе ауысу керек» деп айтып жатады. Бірақ біздің елде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иманғали Тасмағанбетов үкімет басқарған кезде экономикалық өсім жоғары болды. Демек елдің экономикалық жағдайының жақсаруына премьер-министрдің ықпалы зор деп білемін»,- деді ол arashaға берген пікірінде.
Серік Жолдасбай, arasha
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024