08-07-21 |
1610 рет қаралған
Азан даусын аңсаған жарылғаптықтар өз күштерімен мешіт салуды бастады.
Азан даусын аңсаған жарылғаптықтар өз күштерімен мешіт салуды бастады

Ғасырға жуық тарихы бар Жарылғап батыр ауылында енді азан даусы естіледі. Ауыл халқы шілденің ыстығына қарамастан өз күштерімен мешіт құрылысын бастап кетті.

Қарағанды облысы, Шет ауданы Жарылғап батыр ауылының тұрғындары өз күшімен мешіт салуды бастады. Халық құрылыс материалдары үшін ақша жинап, құлшылық орнының қабырғасын қалауды ауыл азаматтары міндетіне алған.

«Екі күнде істелген жұмыстар осы. Мешітіміз 17 қатар болып көтеріледі. Оның 13 қатары қаланды. Қызыл үй көшесі құрылыста жүрген азаматтарға ас-суын берді. Жақсылықтары сауапқа жазылсын. Сенбі- жексенбі күндері ауылға келіп, мешіт құрылысына көмектескен жігіттерге рахмет. Жақсы жаңалықтар көп болсын, ауылымыз көркейе берсін»,- дейді құрылыс жүргізіп жатқан ауыл тұрғындары.

Осыған дейін мешіті болмаған ауыл тұрғындары күннің ыстығына қарамастан құрылыс жұмыстарын күндіз-түні тоқтатпай жасап жатыр. Игі іске үлес қосам дегендер қаржылық қолдау көрсете алады.

Каспий голд арқылы 8778 582 12 97 телефонына ақша салуға болады.

Карта номері 5169 4971 8368 5134 Ықылас Мырзағұлов.
ИИН: 870414351520

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.