02-11-23 |
1370 рет қаралған
Шахтадағы апат: Кеншілердің басын, аяғын, қолдарын теріп алдық.
Шахтадағы апат: Кеншілердің басын, аяғын, қолдарын теріп алдық

«Жарылыс күшінен тек денелер ғана паршаланып кеткен жоқ, ол жерде бәрі төңкерілді. Ондағы темір релістер қамырдай иленді…»

Бұл кеншілердің мәйітін шығарған құтқарушылардың сөзі. Олар құтқару кезінде қандай тозақта жұмыс істегендерін айтты.

Бұл туралы «Обо всём, жёстко, но честно» телеграм каналы жазды.

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, төтенше оқиға болған жерде не су, не өрт сөндіру түтігі болған жоқ. Әйтеуір бір-екі өрт сөндіргіш тапқан.

Қандай құқық бұзушылық? Жарылыс күшінен тек денелер ғана паршаланып кеткен жоқ, ол жерде бәрі төңкерілді. Ондағы темір релістер қамырдай иленді… Әуелі денені, содан кейін қолды, аяқты, бастарды теріп алдық, содан кейін… содан кейін тіпті не болғанын да білмеймін, – дейді олардың бірі.

Олар әкім мен Төтенше жағдайлар министрлігі басшыларынның мүлде біліксіз екенін ашық айтты. «Оқиғадан кейін психологиялық көмек болды ма?» деген сұрақ олардың күлкісін келтірді…

Ол жер – толықтай тозақ. Біз миллион рет ескерткен шығармыз. Бірақ біз олар үшін ешкім емеспіз. Көз жасымды тоқтата алмадым. Тек отбасын асырау үшін ақша тапқысы келген азаматтарға жаным ашиды, – дейді құтқарушылардың бірі.

Осы жерде телеграм арнасының авторы бәрімізге ортақ сауал тастайды.

Бұл не? Бұл қандай қала? Кәсіпорынмен бірге адамдарды да сатып жіберіп пе едік? Шенеуніктер қайда қарап отырды? Прокурорлар? Соттар ше? Неліктен осы кәсіпорынның бірде-бір басшысы осыншама өлім үшін түрмеге түспейді? Жарайды, үнділер, олар бізді ойламайды, бірақ біз, қазақтар, қазақстандықтар, неге өзімізді ойламаймыз? Қандасымыз қырылып жатыр ғой. Бұл жиіркенішті, тіпті рухани айуандық! – дейді автор.

Arasha.kz

ФОТО: yujanka.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.