ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақтөбе облысында өткен екі күндік жұмыс сапары барысында өңір халқына бір ауыз сөз айтуға жарамады. Қос министрді ертіп келген үкімет өкілдеріне ақтөбеліктердің де көрсетер ештеңесі болған жоқ. Мамин өңірге екі жыл бұрынғы сапарында бас сұққан жерлерді қайта аралады.
Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта «21-22 шілдеде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, оның барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты» делінген.
Үкімет басшысы қуаты – жылына 5 млн м² керамогранит пен керамикалық плитка дайындау мүмкіндігі бар «Ақтөбе» индустриялық аймағында орналасқан «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС аралап, өнімін Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанға экспорттап отырған «Ақтөберентген» АҚ зауытының жұмысымен танысты.
Мамин биылғы сапарында «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС тігін фабрикасына тағы барды. Үкімет басшысы екі жыл бұрын да тігін цехының жұмысымен танысып, күрте сатып алған болатын. Бейне бір ақтөбеліктердің көрсетер ештеңесі қалмағандай.
Сонымен қатар, Асқар Мамин «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» республикалық автожолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл «Ақтөбе – Қандыағаш» учаскесінде жол қозғалысы ашылады, «Қандыағаш – Мақат» автожолының учаскесі осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Премьер-Министр тас жолды қайта жаңарту жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Және Мәртөк ауданында Асқар Мамин «Мilker» ЖШС жем-шөп түйіршіктерін өндіру зауытын аралады, делінген ресми мәліметте.
P.S. Ресми ақпаратта үкімет басшысының бір ауыз сөзі жоқ. Мамин Ақтөбені екі күн аралағанда үндемей жүргендей. Үкімет өкілдерінің өңірге сапарымен танысуға БАҚ өкілдері де жіберілген жоқ. Аймақ тілшілерінің сауалынан қорққан үкімет басшысы үнсіз «қашты».
Қазіргі күні Ақтөбенің кейбір аудандарында жем-шөп жағдайы мәз емес. Республика бойынша қуаңшылықтың алдында тұрған елдімекендер бар. Осыған дейін ақтөбелік фермерлер президенттен араша сұрап, бірнеше рет субсидия мәселесін көтерді. Тоқаев үміт артқан үкімет басшысы Маңңыстаудағы сапарында қуаңшылық зардабын тартқан шаруалармен кездеспегендей, ақтөбелік фермерлердің жанайқайын тыңдамай кетті.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024