19-08-21 |
1400 рет қаралған
Қазақстанның Ауғанстанға қатысты ресми мәлімдемесі.
Қазақстанның Ауғанстанға қатысты ресми мәлімдемесі

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстанға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр.

Аталған елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек.

Қазақстан барлық тараптарды ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз.

Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс», – делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін президент Тоқаев Ауғанстандағы қазақтарды елге әкелу бойынша барлық жағдайды қарастыруды үкіметке тапсырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда «Талибан» қозғалысы Ауғанстанды толық басып алғанын жариялады. Президент Ашраф Гани елден қашып кетті. 

Бұған дейін 70-ке жуық мемлекет ауған халқына көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеген. АҚШ Тәжікстаннан, Қазақстаннан және Өзбекстаннан американдықтарға көмектескен тоғыз мыңға жуық ауғандықтарды уақытша орналастыруды сұрағанын хабарлаған болатын. 

*Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Оған Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.