27-08-21 |
1810 рет қаралған
Жамбылда жарылыстан зардап шеккендер саны өсті.
Жамбылда жарылыстан зардап шеккендер саны өсті

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны сәт сайын артуда.

Бей ресми мәліметтерге сәйкес, жарылыстан зардап шеккендердің саны 60-қа жетті. Әзірге көз жұмғандар жоқ.

“30-ға жуық облыстық ТЖ департаментінің және әскери қызметкерлер жарақат алды. Жамбыл облысына қорғаныс және төтенше жағдайлар министрі, ішкі істер министрінің орынбасары аттанды. Жақын арада орналасқан ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім шығарылды. 30-ға жуық облыстық ТЖ департаментінің және әскери қызметкерлер жарақат алды”, – деп жазды Тоқаев Twitter-де. 

Президент жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. 

“Өртті сөндіру бойынша жедел штаб оқиға орнында жұмыс істеуде. Жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлігінің бөлімдері жұмылдырылды. Уақытша теміржол байланысы тоқтатылды”, –  деді президент. 

Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында әскери қоймада жарылыс болғаны айтылған еді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.