Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке бас мәліметі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті. Жоғалған бір адам іздестіріліп жатыр.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 26 тамыз кешкі жетілер шамасында болды. Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, өрт тротил сақталған қоймадан басталған.
Соңғы мәлімет бойынша оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 15 адам қаза тапты. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024