Ауғанстанда тұратын 200-ден астам этникалық қазақ елге әкелінуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Талғат Қалиевтың мәлімдеді.
Елшілік мәліметінше, ауған елінде шамамен 13 отбасы бар екен. Ол 200-ден астам адам деген сөз. Бұл есепке алынған адамдар ғана.
Әзірге ондағы этникалық қазақтардың нақты санын білу қиын. Сондықтан ауған жерінен елге көшірілетіндер саны артуы да мүмкін деді Қалиев. Оның сөзінше, эвакуациялау жұмысын жеделдету үшін арнайы комиссия құрылған. Бірінші кезекте елге қоныс аударатын азаматтардың қазақ немесе қазақстандық екенін растайтын құжаттар жинақталуы керек. Ал олардың Қазақстанға келу-келмеуі өз еріктерінде.
“Қазір қазақ диаспорасының белсенділері сондағы этникалық қазақтарды іздеуге кірісіп, елшілік қызметкерлеріне қол ұшын беруде. Олар Ауғанстанның әр бұрышындағы қазақтарды табуға тырысып жатыр. Қажет болған жағдайда, ұшақ жөнелтіліп, тасымал ұйымдастырылады. Бұл жұмыстарға қазіргі Ауған билігі кедергі келтірмейді деп ойлаймыз”, – деді Талғат Қалиев.
Ал Ауғанстандағы этникалық қазақтар бұл туралы білмейміз деп отыр.
“Естідік жаңалықты Кабулдан 13 фамилияны алып кететінін, 200-дей адам бар деп естідік. Бізге әлі ешқандай ақпарат, жаңалықтар келген жоқ. Сіздерге өтініш бізді елге алып кетіңіздер. Өте қиын жағдайда қалдық”, – дейді Ауғанстандағы этникалық қазақ Азимулла.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024