13-09-21 |
1690 рет қаралған
«Алтынорда» базарын қорғаштаған облыстың бас санитар дәрігері ұятқа қалды.
«Алтынорда» базарын қорғаштаған облыстың бас санитар дәрігері ұятқа қалды

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ОКҚ брифингке өңірдің бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов шықты. Тікелей эфир кезінде микрофон өшірілмей қалған. Санитар дәрігерге қойылған «Алтын Орда» базарының жұмысы туралы сұрақ жауабына  әлдекімдердің сыбырлап көмектескені эфирде естіліп қалды. 

Бас санитар дәрігерден журналист «Алматы облысында кәсіпкерлерге қатысты қандай карантин шектеулері енгізілгеніне қарамастан, неге ол «Алтын Орда» базары мен «Апорт» сауда үйінің жұмысына әсер етпейтінін» сұрады. 

«Базар республикалық деп айтыңыз, бірақ онда қажетті шектеулер бар», – деді әлдекім өңірдің бас санитар дәрігеріне сыбырлап. 

Ерғали Сыдыманов айтылғанды қайталады. Брифингке Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров те қатысқан. Шамасы, олардың біреуі «көмектескен» болуы мүмкін. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.