15-09-21 |
1570 рет қаралған
Тоқаев Ауғанстан мәселесін Ресеймен бірге талқылады.
Тоқаев Ауғанстан мәселесін Ресеймен бірге талқылады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары өтетіндіктен ауған проблемасы жан-жақты талқыланды», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-әрекеттерді талқылады.  

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 35 этникалық қазақ – қандасыс Ауғанстаннан тарихи отанына оралды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.