20-09-21 |
1250 рет қаралған
Еліміздегі ауруханаларда фото және видео жасауға тыйым салынбайды.
Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов еліміздегі ауруханаларда видео және фото түсірілім жасауға салынған тыйымды алып тастады.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Елдің бас дәрігері мыналарды қаулы етті:
- денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және видео түсірілім жүргізуге шектеу салу алып тасталсын;
- COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау, COVID-19-ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтау тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын: «COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу»;
Cондай-ақ, бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді.
Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.
Соңғы мақалалар.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.