21-09-21 |
1520 рет қаралған
Алматыда бес адамның өлімі: “Центр Кредит» банкінен он жыл бұрын алынған несие өтелмеген.
Алматыда бес адамның өлімі: “Центр Кредит» банкінен он жыл бұрын алынған несие өтелмеген

Бес адамды аяусыз атып өлтірген алматылық азаматтың банктен қомақты көлемде қарыз алып, үш жыл бойы үй үшін соттасып келгені белгілі болды. Оқиға 2011 жылдан басталған.

2011 жылы бірнеше компания атынан “Центр Кредит» банкінен ірі көлемде несие алынған. Банкке кепіл ретінде Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан тұрғын үй емес ғимараттар мен Ақбұлақтағы үй қойылған.

2014 жылы Алмалы аудандық соты несие алушылардан банкке 118 млн теңге қарыз бен 3,5 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеуді міндеттейді. Кейін Бағанашылдағы ғимарат пен жер телімі сотпен 184 млн теңгеге бағаланған.

2017 жылы мүлікті бөліп алу бойынша аукцион өтіп, екі есе арзан бағаға банк пайдасына шешілген.

Кейіннен сот орындаушысы Тәңірбергенов қарыз алушылардың тағы бір мүлкін –Ақбұлақтағы үйін аукционға шығарады. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 200 шаршы метрден асатыны мен жеті сотық жер теліміне қарамастан мүлік 30 млн теңгеден аз сомаға бағаланады.

Үйді сатып алған Н. Т. есімді азамат баспананың иелерін қуып шығуды талап етіп, сотқа арызданады. Судья оның шағымын 2020 жылы қанағаттандырады.

Еске салсақ, жауапкер 20 қыркүйек күні Алматыда Алатау ауданы Ақбұлақ шағын ауданындағы Сыздықов көшесінде 5 адамды атып өлтірді. 

Екеуі полицей және бір сот орындаушы, үйдің жаңа иесі мен тағы бір адам бар.

Трагедия шамамен сағат 17:00-де болған. Сот орындаушысы мен полицейлер сот үкімін орындауға келген. Сол кезде баспананы босатуға міндетті ер адам үйге кіріп кетті де, заңды түрде тіркелген қарудан сот орындаушысы мен аулада тұрған адамдарға оқ атты.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

Оқиғадан кейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласындағы атыста қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты. 

«Алатау ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Барлық тиісті көмек пен қолдау көрсетіледі», – деп жазды ол twitter-дегі парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.