Қазақстандық IT мамандар үкіметке көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Олар Ресейден 500 мың АҚШ доллар болатын даулы платформаны қарызға алғаннан отандық мамандарға арзанға жасатуды ұсынды.
«Біз жыл басынан бері Azimut, Prime Source, Samgau, NAT Kazakhstan, Inessoft, ARTA (1000+ адам) біріктірілген Software Factory отандық әзірлеушілермен коммерциялық консорциумын құрдық. Бұл жұмыстар Қазақстан үкіметіне цифрландыру саласын білікті кадрлармен қолдау көрсету үшін жасалды.
Шілде айынан бастап мемлекеттік органдардың ІТ аудитін пайдалану шеңберінде «Зерде» холдингіне ресми түрде қызметімізді ұсынамыз.
Білуімше, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік органдар тарапынан ІТ архитектурасын дамыту үшін нақты мердігермен келісімшарт жасалмаған.
Біз сіздерге шешім қабылдауды жеңілдету үшін ең төмен бағада (308 млн теңге) қызмет көрсетуге, ол үшін ертең-ақ 50 адамды жобаға қосуға дайынбыз»,- деп жазды IT маман Болат Башеев.
Естеріңізге салсақ, қыркүйектің басында Қазақстан үкіметі мен ресейлік «Сбер» компаниясымен меморандумға отырғанын хабарлады. Ақпаратта Қазақстан ресейлік «Сбербанктің» IT-платформасын 500 млн долларға сатып алынатыны айтылды. Қазақстанға бұл ақшаны «Сбердің» өзі мемлекет кепілдігімен қарызға береді.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024