27-09-21 |
1440 рет қаралған
Таразда жарылыстан қаза тапқандардың отбасы жалпы көлемі 20 млн теңге көмек алады.
Таразда жарылыстан қаза тапқандардың отбасы жалпы көлемі  20 млн теңге көмек алады

Тараздағы жарылыстан қаза тапқан әрбір құтқарушының отбасына 20 млн теңге беріледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Хабар24» арнасына берге сұқбатында айтты. 

 

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2021 жылдың тамыз айының соңында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көрсетілетін материалдық көмек көлемін айтты.

«Болған оқиғаларға байланысты бүгін Үкімет марқұмдардың әр отбасына 10 млн теңгеден аудару туралы шешім қабылдады. Жергілікті бюджет есебінен тағы 5 млн. Біз сонымен бірге бір күндік жалақы жинадық – ол бойынша қызметкерлер өз еркімен шотқа аударым жасады. 5 миллион теңге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі есебінен тапсырды.

Сонымен қатар емделуге мұқтаж азаматтарға арнайы көмек жүргізіледі. Мемлекет тарапынан бізде міндетті сақтандыру қаржысы бар ол бойынша – қайтыс болғандардың отбасыларына 60 айлық ақшалай жәрдемақы төленеді. Яғни, бұл жерде көптеген нюанстар бар, мұрагерлік құқықты заңды түрде анықтағаннан кейін ғана олар бұл көмекті ала алады», – деді Юрий Ильин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.