Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады. Үкімет басшысы облыс әкімдеріне тұмау жұқтырғандарға көмек көрсететін медициналық орталықтарды дайындауды тапсырды.
Премьер-министр еліміздің бес өңірі әлі де қызыл аймақта екенін атап өтті.
«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Барлық өңірлерде вирус жұқтыру деңгейі біршама азайды. Дегенмен, «қызыл» аймақта Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары қалып отыр. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау, вакцинациялауды жалғастыру қажет», – деді үкімет басшысы.
Сонлай-ақ ол тұмауға қарсы вакцинация қарқынын жоғарылатуды тапсырды.
«Сонымен бірге тұмау мен басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шара қолдану қажет. Тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 2,5 млн доза вакцина әкелінді. Халықты тұмауға қарсы вакцинациялауды жандандырып, медицина ұйымдарының тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға әзірлігін қамтамасыз ету қажет», – деген Мамин.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024