04-10-21 |
3120 рет қаралған
СҚО-да шенділер ішімдік ішіп, кафенің ыдысын сындырғаны үшін жұмыстан қуылды.
СҚО-да шенділер ішімдік ішіп, кафенің ыдысын сындырғаны үшін жұмыстан қуылды

Солтүстік Қазақстанда қоғамдық орында ішімдік ішіп, дөрекілік танытқан шенділер қызметтен қуылды.  «Петропавловск News» сайтының хабарлауынша, мемлекеттік қызметкерлердің дөрекілігі үшін даяшыға полиция шақыруға тура келген.

Солтүстік Қазақстан облысы ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекция бастығының орынбасары Сергей Калякин мен сол департаменттің Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Таңатар Айқожаев кафеде шу шығарып, ыдыс сындыруға дейін барған. Медициналық сараптама олардың орташа дәрежеде алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті.

Мемқызметкерлердің әрекеті Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. 

Сергей Калякин Әдеп жөніндегі кеңесте мінез-құлқын ескерместен жай ғана қызметінен босатылды. Сондықтан біраз уақыттан кейін ол қайтадан мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алады.

Әдеп жөніндегі кеңес ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Таңатар Айқожаевты қызметінен босатуды ұсынды.

«Егер жауапкершілікті ауырлататын жағдайларды ескере отырып қарастыратын болсақ – жұмыс уақытында алкогольді ішу және қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болу – Айхожаевты жұмыстан босату бойынша айыптауға болады. Бірақ оны кішігірім құқық бұзушылық деп санауға болады, өйткені оның тәртіптік жазасы жоқ және ескерту немесе қатаң сөгіспен жазаланбаған.

Ал егер барлық мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында ішінде алкогольді ішімдік ішкісі келсе ше? Біз өз кезегімізде кадр жоқ деп бұған көзімізді жұма берсек не болады? Ертең бұл біздің басымызға таяқ болып тиеді!» – деп түсіндірді Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Елена Степаненко.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.