Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енді вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамдардың жұмысқа кіргізілмейтінін айтты.
Бас мемлекеттік еңбек инспектор Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, денсаулық құжатын талап еткен жұмыс берушінің талабы заңға қайшы емес.
«Дүйсенбіден бастап денсаулық сақтау минстрлігінің тиісті нормасы күшіне енді. Оған сәйкес, жұмыс беруші вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамды жұмысқа кіргізбейді. Иә, заңнамада коронавируспен ауыратын адамды жұмысқа кіргізбеу туралы тікелей норма жоқ. Бірақ Еңбек кодексінің 48-бабы 1-тармағында заңнамалық актілер мен мемлекеттік органдар актілері негізінде тиісті шешім шығарылады деп жазылған», – деді Төлеген Оспанқұлов.
Оның сөзіне қарағанда, Денсаулық туралы кодекс бойынша санитарлық дәрігер қаулысы міндетті түрде орындауға жататын құжат болып саналады. Сол себепті жұмыс беруші адамды жұмыстан шеттете алады. Жұмыс беруші ақша төлемеуі де мүмкін. Алайда екі тарап келісімге келсе, жалақының жартысын немесе еңбекақының ең төменгі мөлшерін алуға мүмкіндік бар.
Еске салсақ Денсаулық сақтау министрлігі 1 қыркүйектен бастап ұжымдарда вакциналау паспортын жаппай тексеру шараларын бастады.
Ал қазан айында жұмысқа шығардың алдында міндетті вакциналаудан өтуді ресми түрде бекітті.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
27.11.2024