Желіде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің бокстан Қазақстан құрамасының мүшелеріне ақша беріп жатқан видеосы тарап кетті. Осыған байланысты мәдениет және спорт министрлігі ресми түсініктеме берді.
Сондай-ақ, түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жеңісне, соның ішінде әлем чемпионаттарында мынадай мөлшерде ақшалай төлемдер қарастырылған:
1-орын үшін 15 000 АҚШ доллары;
2 орын үшін 7 000 АҚШ доллары;
3-орын үшін 5 000 АҚШ доллары.
Сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына келесі мөлшерде:
1-орын үшін 10 000 АҚШ доллары;
2 орын үшін 5 000 АҚШ доллары;
3-орын үшін 3 000 АҚШ доллары қарастырылған.
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан бокс федерациясы Белград (Сербия) қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді.
Ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру-бұл Федерация мен Министрліктің ресми тұлғасы болып саналмайтын азаматтың жеке бастамасы. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік аталған факті бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп бокстан ұлттық құрама командалардың спортшыларын сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасалған»,- дейді ведомство.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024