09-11-21 |
2700 рет қаралған
«Үкімет басшысын қарсы алдық»: Қазына қаржысына қолшатыр алған ақтөбелік шенділер ақталды.
«Үкімет басшысын қарсы алдық»:  Қазына қаржысына қолшатыр алған ақтөбелік шенділер ақталды

Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы бюджет қаржысына 50 қолшатыр сатып алды. Бұл қарақстандықтар арасында наразылық тудырды.

Әкімдік қолшатырды ресми делегация қонақтары мен олардың көмекшілерінің қажеттілігі үшін тендер арқылы сатып алған.

Ақтөбе облысы әкімдігі іс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Әуелбековтың айтуынша, алғашында қолшатыр сатып алуға жарты миллионға жуық теңге бөлінген. Кейін шенеуніктер кәсіпкерлерден оны жеңілдік арқылы 195 мың теңгеге сатып алған.

«Жақында премьер-министр келді, үкімет басшысын қарсы алу кезде осы қолшатыр пайдаланылды. Әрине, ауа райына байланысты. Олар тек ғимарат ішінде жүрмейді. Түрлі нысанға барады, аймақты көреді. Сол себепті қолшатырлар тез сынып қалады», – деді Ақтөбе облысы әкімдігі іс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Әуелбеков.

Әкімдік қолшатырдың екі түрін сатып алған: бірі – екі адамға арналған ағаш тұтқасы бар қолшатыр, екіншісі – қолшатырдың қысқа түрі. 

Сатып алынған қолшатырлар 3 жылға есептелген, содан кейін оларды жаңарту жоспарланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.