10-11-21 |
1870 рет қаралған
Балаларға вакцина мектептерде салынады -Цой.
Балаларға вакцина мектептерде салынады -Цой

Қазақстан мектептерінде балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін егу пунктері ұйымдастырылады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Балаларға вакцина білім беру ұйымдарында және Қазақстан бойынша егу пунктерінде салынады. Балаларға, кәмелетке толмағандарға, жасөспірімдерге ата-ананың немесе заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда ғана вакцина салынады», – деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясын 379 мың доза көлемінде 15 қарашаға дейін жеткізу жоспарланған.

Қазақстанда балалар мен жүкті әйелдерге, емізулі баласы бар әйелдерге вакцина салуды қамтамасыз ету үшін 4 миллион 230 мың доза сатып алынды. Бұл вакцина 2 миллион 115 мың адамды қамтамасыз етуге жетеді.

Вакцина 12-17 жас аралығындағы балаларға, жүктіліктің 16-37 аптасындағы әйелдерге және босанғанына 42 күн болған емізулі баласы бар әйелдерге салынады.

Айта кетері, 10 қараша кешке Qatar Airways әуе компаниясы Pfizer вакцинасының партиясын жеткізеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.